Мәдени айнасы

Белгілі тарихшы Константин Куксин дүниеден өтті

Белгілі тарихшы Константин Куксин дүниеден өтті
Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Моңғол елінде Цагаан Бадарчин деген атпен белгілі тарихшы, ғалым, этнограф Константин Куксин  47 жасында   дүниеден өтті, деп хабарлайды Kazface.kz. 

Орыс тарихшысы қазақ елінің шығу тегін терең зерттеген. Ол қазақтар жайлы  аса қызығушылықпен әрі шынайы кәсіби ойын жеткізе білген. Константин Алтын Орда жайлы құнды мәлімет әлі күнге дейін   бұрмаланып,  дұрыс жеткізілмей келе жатқанына сенімді болған. Ол өз ойын   журналист Майя Бекбаеваға берген сұқбатында  ашып айтыпты.  
«Мен Кеңес Одағында оқыдым. Төртінші сыныпта мұғалім бізге басты зұлымдық татар-моңғолдар екенін түсіндіргені есімде. Егер қарғыс атқан татар-моңғолдар болмаса, біз қазір жақсы өмір сүрер едік дейтін. Тек Кеңес өкіметі бәрін жақсы жаққа өзгерте алды. Біздің қиындықтарымыз үшін біз басқа адамды кінәлаймыз. Қазақтар Алтын Орда олардың мемлекеттілігінің негізі деп санайды. Шынында да, қазақтар арасында біз көп төрелерді кездестіреміз. Бұл шыңғыстықтардың тікелей ұрпақтары. Тек олар  ғана билікке құқылы болды. Орыстар Орда идеясын, үлкен империяны мұра етті делік. Ал қазақтар Орданы қанымен мұра етті. Яғни, олар шынымен де Алтын Орда хандарының ұрпақтары», - деп атап өтті Константин өз сұқбатында.
Константин Куксин көшпелі мәдениет мұражайын құрып, экспедициялар жинау мақсатында Моңғолияға саяхат ұйымдастырған. Одан бөлек қырғыз елінің тарихын зерттеп, мұражай үшін экспонаттар жинаумен айналысқан. Ол Ұлы қырғыз батырларының тарихын, ертегілер құбылысы-манасчиді зерттеген.  Кейін  Ханты ақыны Евдокия Серасхованың өлеңдер кітабын аударып, басып шығаруға дайындады. Қырғызстандағы жұмыс материалдары бойынша орыс және қырғыз тілдерінде "Жәнек батырдың ізімен" кітабын басып шығаруға дайындады. Көп жылдар бойы Чукоткада, Солтүстік Африка елдерінде, соның ішінде Ливияда белсенді жұмыс істеді. Қиыр Солтүстікте көшпелі мектептер құру жобасына белсенді қатысты. "Россия" радиостанциясындағы "Көшпенділер" бағдарламасының жүргізушісі болған. 



Тарихшы 1977 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Көркемсурет училищесін және педагогикалық университеттің география факультетін бітірген. Мәскеу Жазушылар Одағының мүшесі, көшпелі мәдениет мұражайының директоры, этнопсихолог, Орыс Географиялық қоғамының толық мүшесі. «Точки на карте», «Размышления пилигрима», "Мои караваны"."кітаптарының авторы."