Әлем жаңалықтары

Белгілі саясаткер Аман Төлеуов дүниеден озды

Белгілі саясаткер Аман Төлеуов дүниеден озды

Саяси қайраткер, Ресейдің Кемеров облысының экс-губернаторы Арман Төлеев 80-ге қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы губернатор Сергей Цивилев әлеуметтік парақшасында жариялады.

«1997-2018 жылдар аралығында Кемерово облысының губернаторы болған, бар өмірін Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған ерекше тұлға Аман Ғұмырұлы Төлеев дүниеден өтті. Бұл орны толмас қаза болды. Өңіріміздің тыныс-тіршілігіндегі тұтас бір дәуір Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол қиын-қыстау кезеңде өңірді басқарып, дағдарыстан шығара білді. Кузбастықтар Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтық губернатор ретінде еске алады», - деп жазды ресейлік шенеунік.

Аман Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.

Нововсібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемеров облысында  теміржолшы болып бастаған.

1997 жылдан бастап Кемерово облысының губернаторы болды. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 25 наурызында ресейлік Кемероводағы төрт қабатты «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болды. Өрт ошағы жоғарғы қабаттан шығады, онда бірнеше кинотеатр мен балалар ойын алаңдары орналасқан. Өрттен 64 адам қаза болды. Қайтыс болғандар тізімінде 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79-ға жетті.

Өрттен кейін Аман Төлеев өз еркімен отставкаға кетті.