Мәдени айнасы

Bal Carpet компаниясы халықаралық көрмеге қатысады

Bal Carpet компаниясы халықаралық көрмеге қатысады

Қазақстандық ірі кілемдер компаниясы 2025 жылдың 7-10 қаңтар аралығында Стамбулда өтетін Carpet & Flooring Expo көрмесіне алғаш рет қатысатын болады,-деп хабарлайды KazFace.kz. 

Бұл жаңалықпен компания директоры Талғат Исхахов бөлісті. Түрік елінде өтетін көрме- әлемдегі ең ірі кілем  саласындағы іс-шаралардың бірі. Әлемнің әр түкпірінен жетекші өндірушілер мен дизайнерлердің басын қосатын бұл көрме жаңа технологиялар және  инновациялармен танысып, саладағы ең соңғы трендтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Көрмеде Bal Carpet компаниясы  қазақтың ұлттық кілемдерін заманауи дизайнмен ұштастырып, әлемге танытуды мақсат етіп отыр.

Компания директорының айтуынша, бұл шара  Bal Carpet үшін үлкен мүмкіндік. Себебі компанияның мақсаты – қазақ кілемдерін халықаралық нарыққа шығарып, бренд ретінде қалыптастыру.

Айта кетері, Bal Carpet компаниясы 2013 жылы Шымкентте ашылған Bal Tekstil фабрикасы арқылы елімізде жетекші кілем өндіруші ретінде танылды. Тәжірибелі мамандар мен дизайнерлердің қолынан шыққан кілемдер заманауи стильдер мен ұлттық нақыштарды үйлестіріп, жоғары сапасымен ерекшеленеді.