Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға сайлаушылардың 12,31%-ы қатысты
29 қараша күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында ел бойынша сайлаушылардың 12,31%-ы дауыс берді, деп хабарлайды KazFace.kz
Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Өңірлер бөлінісінде сайлаушылардың келуі төмендегідей:
Астана қаласы – 9,93%;
Абай облысы – 12,56%;
Ақмола облысы – 12,04%;
Ақтөбе облысы – 16,49%;
Алматы облысы – 13,53%;
Атырау облысы – 11,86%;
Батыс Қазақстан облысы – 11,85%;
Жамбыл облысы – 12,83%;
Жетісу облысы – 14,24%;
Қарағанды облысы – 14,01%;
Қостанай облысы – 9,75%;
Қызылорда облысы – 16,33%;
Маңғыстау облысы – 13,02%;
Павлодар облысы – 10,91%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%;
Түркістан облысы – 15,32%;
Ұлытау облысы – 12,97%;
Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%;
Алматы қаласы – 6,41%;
Шымкент қаласы – 12,67%.
Ақмола облысында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,04%-ы дауыс берді.
Дауыс беру қорытындылары туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының келесі хабарламаларында жарияланады.