Әлем жаңалықтары
22-го октября 2021 г. 05:06
Актер Алек Болдуин Нью-Мексикода түсірілім кезінде операторға оқ атты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап KazFace.kz хабарлады.
Оқиға Санта-Фе маңында, басты рөлде Алек Болдуин ойнайтын фильмді түсіру кезінде болған. Актерлер оқ атқан сәтте, қару әскери оқтармен оқталған болып шықты.
Фильм режиссері иық сүйегінен жарақат алған, ал 42 жастағы оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Шериф кеңсесі қару-жарақтан оқ атқан Алек Болдуин екенін растайды, - делінген Санта-Фе округі шерифінің хабарламасында.
Санта-Фе округіндегі шериф кеңсесінің өкілі Хуан Риос Болдуинге әлі ешқандай айып тағылмағанын айтты.