"Анашым" әніне жаңа дем берген ерекше шығарылым

Sadraddin, Ренат Гайсин және “Gaissin Orchestra” халықаралық әйелдер күніне арнап ерекше шығармашылық сый жасады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Artjaq және Yeski Taspa компаниялары 8 наурызға арналған ерекше музыкалық шығарылымын ұсынды. Бұл шығарылымда талантымен танылған әртістер Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Олар М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтың аңызға айналған "Анашым" әнін жаңа тұрғыдан орындап, Халықаралық әйелдер күніне деген құрметтерін білдірді.
Бұл шығармашылық туындыда әннің жылулығы мен шынайылығы айрықша көрініс тапты. Ән әйелдерге деген шексіз сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісіне айналды.
Yeski Taspa командасы барлық әйелдер қауымын осы тамаша мерекемен құттықтап, бақытты сәттер, махаббат, үйлесімділік және жарқын эмоциялар тіледі. Әннің жаңа реңгі мен мәні тек музыкаға ғана емес, қоғамдағы нәзік жанды тұлғаларға деген құрметтің биік үлгісіне айналды.