Әлем жаңалықтары

Америкалық актер Уилл Смит «Оскар» мүсіншесін қайтаруы керегін айтты

Америкалық актер Уилл Смит «Оскар» мүсіншесін қайтаруы керегін айтты

АҚШ киноакадемиясының мүшесі, америкалық актер Гарри Ленникс әріптесі Уилл Смит "Оскарды" қайтаруы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ленникстің сөзінше, қазіргі уақытта кино сыйлығының "жақсы атын" қалпына келтіре алатын жалғыз адам - Смиттің өзі.

Ол киноакадемия беделіне түскен "дақты" кетіру оңай емес екенін айтты. Актердің пікірінше, Уилл Смитт "Король Ричард" фильміндегі "Ең жақсы ер адам ролі" номинациясында алған марапатынан өз еркімен бас тарту арылы жағдайды түзете алады.

Гарри Ленникс Уилл Смит экспресс-пошта арқылы алтын мүсіншені америкалық кино академиясына қайтарып, "Мен бұл марапаттың иегері болуға лайық емеспін" деп көпшілік алдында мәлімдеме жасауы керек деп санайды.

Еске салайық, оқиға "Оскар" жеңімпаздарын мараттау кешінде болды. Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін, Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрып жіберді. Актер орнына оралғаннан кейін Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. Айта кетейік, бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді.  

Кейінірек Уилл Смит "Оскар" сыйлығындағы әрекеті үшін кешірім сұрады, ал әйелі Джада Пинкетт-Смит күйеуінің әрекеті туралы көпшілік алдында мәлімдеме жасады.

Сәуірдің басында Уилл Смит киноакадемиядан кететінін жариялады, сонымен қатар он жыл бойы "Оскар" сыйлығына қатысуға тыйым салған олардың шешімін "қабылдайтынын және құрметтейтінін" айтты.