Мәдени айнасы
31-го октября 2024 г. 12:01
Астанада 3 мыңнан астам домбырашы бір уақытта күй шертіп Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Kazface.kz.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада домбыра үйірмелеріне қатысушы 3000-нан астам астаналық Құрманғазының «Балбырауын» күйін шертіп, дүйім жұртты тәнті етті. Домбырашыларға ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.
Күй тартыс осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды жаңартты. Балалардың санын 8 сарапшы, күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы бақылаған.