Новости
Пресс-релиз

Қазақстан халықаралық цифрлық бастамаға қосылды

Қазақстан халықаралық цифрлық бастамаға қосылды

Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған  «50-in-5» атты жаһандық цифрлық бастамаға қосылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның мақсаты – 2028 жылға дейін кемінде 50 елде цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін енгізу. Бұл – цифрлық төлем, сәйкестендіру және деректер алмасу жүйелерін дамытуды көздейді.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл бастама азаматтарға жақын әрі тиімді қызметтер көрсетуге, шығындарды азайтуға және цифрлық мемлекет құруды жеделдетуге жол ашады.

Қазақстанда eGov Mobile қосымшасы мен Smart Data Ukimet платформасы сияқты шешімдер арқылы цифрлық қызметтер кеңінен енгізілуде. Қазіргі таңда eGov Mobile-ды 10,9 млн адам пайдаланады, ал «Цифрлық құжаттар» бөлімінде 38 түрлі құжат бар.