Власть

Айым Турапекова Көкшетау әкімдігінен кетті

Айым Турапекова Көкшетау әкімдігінен кетті

Жанат ДОСОВ 

Көкшетау әкіміне кеңесші болып тағайындалған 26 жастағы Айым Турапекова қызметінен кетті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Әкімдіктегі бұл қызмет орны енді бос. Олардың  айтуынша, Турапекова өз еркімен жұмыстан шыққан.

Айта кетейік, 26 жастағы Айым Турапекова маусым айының басында қала әкімі Ануар Көмпекеевтің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған еді. Бұл жөнінде ол өзі «Прокадры» парақшасында жариялаған болатын.

Алайда, Турапекованың тағайындалуы қоғамда үлкен сынға ұшырады. Себебі оның коммуникация саласында нақты еңбек тәжірибесі жоқ екені белгілі болды. Турапекова өзі премьер-министр Кеңсесінде жұмыс істегенін мәлімдеген еді. Алайда журналистердің сауалына жауап берген үкімет кеңсесі ондай адамның оларда ешқашан қызмет етпегенін ресми растады.

Жалған мәлімет, шулы тағайындау және кәсіби тәжірибенің жоқтығы қоғамның сенімін жоғалтып, ақыры Айым Турапекованың қызметтен кетуімен аяқталды.